Облыс орталығының білім ошақтары кезекті жылыту маусымына дайын. Дәлірек айтқанда, 36 мектеп және 28 балабақшада ауа қысымы тексеріліп, құбырлар жуылып-шайылды.
Қалған нысандар өздерінің құжаттарына “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қол қоюын күтуде.
Сонымен қатар Петропавл қаласындағы қосымша білім беру нысандары және психологиялық-педагогикалық түзету орталығы да жылыту маусымына сақадай сай әзір.
petropavl.sko.gov.kz