Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төарағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында облыстың өткен жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, өңірдің дамуында оң үрдіс байқалады. Әр салада өсім болғанымен, “әттеген-ай” дейтін тұстар да бар. Әсіресе, машина жасау саласындағы түйінді мәселелер өңірдің дамуына тұсау болмаса да, табысын азайтып отырғаны белгілі. Өңірімізде жоғары еңбекақы көлемі Петропавл қаласы мен Қызылжар, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарға тиесілі болса, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының тұрғындары ең төмен жалақыны қанағат тұтып отыр.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов: «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ай сайын салыстырмалы түрде қадағалап отыру арқылы жергілікті атқарушы биліктің қалай жұмыс істеп отырғанын көруге болады», деді. Егер даму үрдісі төмендесе, нақты жұмыстардың атқарылмағанының белгісі. Осы орайда орынбасары Асқар Сақыпкереевке әр айдың қорытындысын егжей-тегжейлі қадағалап отыруды тапсырды. Облыс жалпы бюджетті орындауда республика бойынша екінші орыннан көрінген. Кіріс және шығыс бөлігі бойынша да түйінді мәселелер жоқ.
Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.