«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қай дүкенге кір­се­ңіз де, сөрелерде тізілген сан түр­лі ойыншықтарды көресіз. Алайда, “жылтырағанның бәрі алтын емес” демекші, олардың балалардың ден­саулығына зиян тигізбейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Кейбірінің, тіпті, техникалық регламентке сәй­кес келмейтіні тексеріс барысында анықталып жатады.

Биылғы жартыжылдықтың қоры­тын­ды­сына сәйкес сарапшылар ел бойынша 1556 ойыншық үлгісін зерт­теп, оның 60 пайызы, яғни 916-дан ас­тамының бала денсаулығына қа­уіпті екенін анықтаған. Тексеріс нә­ти­жесі бойынша 332 килограмнан ас­там ойыншық сатылымнан алынып тасталды. Зиянды ойыншықтардың басым бөлігі Қытай және Түркия ел­дерінен әкелінетінін де айта кетке­німіз жөн.
Өкінішке қарай, баланың денсау­лы­ғына зиян келтіруі мүмкін факті­лер біздің өңірімізде де орын алуда. Мәселен, биылғы жылдың басында Тимирязев ауданына қарасты Ақ­жан ауылындағы және Шал ақын ау­данының орталығы – Сергеевка қа­ласындағы дүкендерден балалар­дың денсаулығына қауіп төндіретін ойыншықтар табылған болатын. Олардың бірнешеуін зертханаларда тексеру нәтижесінде Қытай­да жасалған ойыншықтардың құра­мын­да зиянды заттардың шамадан тыс көп екендігі белгілі болды.
Ал мамыр айында жүргізілген тек­се­рістер микробиологиялық көрсет­кіштердің шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Қытай және Ресейде шы­ғарылатын балалар ойыншықта­ры­ның құрамы бойынша таңбалау­да дұрыс ақпарат берілмеген. Жос­пардан тыс тексеріс жүргізу нәти­жесінде осындай олқылықтарға орын берген тұлғаларға қатысты то­ғыз ұйғарым шығарылды.
Ал өткен жылы 1936 сауда нүктесінен балалар мен жасөспірім­дер­ге арналған тауарды сатып алып, сараптама жасаған едік. Сынамаға алынған ойыншықтар мен киім-ке­шектің 30 пайыздан астамы тех­ни­калық және қауіпсіздік талапта­рына сай болмай шықты. Сонымен қатар Қытайда өндірілген 2 ойын­шықта органолептикалық көрсеткіш нормадан асатыны анықталды. Қа­ра­пайым тілмен айтқанда, ойын­шық­тардан жағымсыз иісі қатты се­зілді. Тағы екі сынамадан денсау­лық­қа қауіпті эзилпропил спирті анық­талды. Бұл ойыншықтардың ба­лалардың денсаулығына қаншалық­ты зиян келтіретінін ойлай беріңіз.
Қытайдан әкелінетін ойыншық­тардың бағасы арзан, қолжетімді бол­ғандықтан, кейбір ата-аналар оның баласының денсаулығына зиян келтіретінін ойлап та жат­пай­ды. Алайда, мұндай жағдайдың соңы өкінішке соқтыруы мүмкін екенін естен шығармаған жөн.

Гүлнұр ОМАРОВА,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp