Облыс орталығында кезекті жыл сайынғы хабардар ету жүйесін тексеру шарасы өтеді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, ертең сағат 10-нан 10.30-ға дейінгі аралықта электросирена қосылады. «Дабыл қағылған сәтте қала тұрғындарын барынша тыныштықты сақтауға шақырамыз», деді құтқару ведомствосының өкілдері.