Петропавл қаласының кейбір автобустарында SMS арқылы төлем жасауға болады. Ол үшін қоғамдық көлікті пайдаланушылар өздерінің ұялы телефондарына «Homebank» қосымшасын жүктеуі қажет. Содан кейін мұндағы QR-кодты сканерлеу немесе 2505 нөміріне қысқа хабарлама жіберу керек.
Тамыздың 9-нан бері бұл заманауи жаңашылдық 4А бағытындағы автобусты пайдаланатын жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді. Қазіргі кезде QR-кодтарының суреттері бар жапсырмаларды қоғамдық көліктің салондарында көруге болады. Алдағы уақытта қызметтің бұл түрін жолаушыларға кондукторлар ұсынатынын айта кеткен жөн.
Тағы да қоса кететін жайт, осы аптада №2, 4Т және 14-ші автобустарда QR-кодты сканерлеу және хабарламаны жіберу арқылы төлем жасауға болады.