«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮМІТ ОТЫ ӨШПЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Бескөл аулының тұрғыны Оксана Истоминаның қызына көмек қажет. Бір жарым жастағы бүлдіршіннің жұлынынан дәрігерлер ақау тапқан. Дегенмен ақхалаттылар кішкентай науқас аурудан айығып кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Дүние есігін ашқалы бері Мария түрлі сынақтан өтті. Кішкентай болса да, ауруға қарсы тұрған қайратты қыз анасының ерік-жігерінен қуат алады. 

 – Қызым жүре алмайды. Жұлынында ақау бар. Бірақ, өзі тамақтанады. Біз күн сайын бірнеше сағат дене жаттығуларын жасаймыз. Бала болған соң, доппен ойнап, сергиді. Қызымның жүруге деген құлшынысы зор, – дейді Оксана Истомина. Жүктілік кезінде Оксана бойына біткен шақалақта бір дерт барын білген. Ана жүрегі түбінде сәбиінің құлан таза айығып кетеріне сенеді. Оның айтуынша, израильдік дәрігерлер магнитті-резонанстық томографиядан түсірілген суретті көріп, үміт отын жаққан. Алайда, шетелде жасалатын ота қымбат тұрады. Баласының болашағына алаңдаған ата-ана қазір емге қаржы жинауда. Қайырымды азаматтар болса, көмек қолын созуды өтінеді.  

Сурет https://klientprav.temaretik.com сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp