«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ВЯЧЕСЛАВ ПАРАЩЕНКО – 80 ЖАСТА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жерлесіміз, еңбек ардагері Вячеслав Паращенко 80 жасқа толды. Қария өмірінің 50 жылын өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арнаған. Туған күн иесін мерейтойымен бұрынғы әріптестері мен үзеңгілестері құттықтады.

Вячеслав Паращенко 1939 жылы дүниеге келген. Қарияның балалық шағы Украинаның Харьков облысында өтіпті. Кейін ер жеткен соң Алтай мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына ғалым-зоотехник мамандығына оқуға түседі. Білім ордасын 1962-ші жылы тамамдаған соң, өз қалауымен Солтүстік Қазақстан өңіріне жұмыс істеуге келген. Сол кезде Вячеслав Николаевич әріптесі Жақсылық Ысқақовпен танысыпты. Міне, содан бері талай уақыт өтсе де, өзара сыйластығы үзілмеген.
«Вячеслав Николаевич Паращенко – адамгершілігі мол, кішіпейіл, халықты жақсы көретін жан. Адамдардың көңілін тауып, барлығына құрметпен қарайды», – деді ол туралы еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов.
Вячеслав Паращенко өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуына сүбелі үлесін қосты. Бастапқыда ол Қиялы кеңшарында бөлімшеде бас маман болып жұмыс істеген. Кейін әр жылдары түрлі жауапты қызметтерді абыройлы атқарып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Мерейтой иесіне облыс әкімнің «Құрмет грамотасы» табыс етілді. Қария қуанышына ортақтасқан жандарға өз алғысын жеткізді.

https://mtrk.kz

Сурет https://www.davno.ru  сайтынан алынды.


 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp