Петропавлда прокурорлар арасында футболдан сайыс өтті. Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған қадағалау органының қызметкерлері қатысты. Олар 4 командаға бөлініп, өзара мықтыны анықтады.
Прокуратура қызметкерлері аяқдоптан сайыс ұйымдастыруды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыс прокуроры Бағбан Таймбетов ойыншыларға сәттілік тіледі.
Тартысты бәсекеге теріскейліктерден өзге Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының прокуратура қызметкерлері қатысты. Жеңімпаз команда тамыздың 23-24 күндері Нұр-Сұлтан қаласында прокурорлар арасында өтетін ақтық сында бақ сынайды. Олар Қазақстан Республикасы Бас прокурорының кубогын тартысқа салмақ.
https://mtrk.kz