«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАУІПТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында жеке меншік тұрғын үйлер сырылып, орнына жаңа үйлер салынуда. Бір әттеген-айы – жаңа баспанаға қоныс аударған тұрғындар өздерінің иттерін панасыз күйінде қалдырып кетуде.

Петропавл қаласында қаңғыбас иттер паналайтын арнайы орындардың болмауы салдарынан қалалық ветеринарлық станцияның қызметкерлері иттерді аулап, өлтіреді. Жасыратыны жоқ, көпшілік олардың көлікпен жолда келе жатып, иттерді атып өлтіретінін біледі.
Әйткенмен, жануарларды қорғаумен айналысатын еріктілер мұны қатыгездік деп есептейді. Өйткені, далада қаңғып жүрген итті ереже бойынша ең алдымен арнайы мекемеге апару қажет. Оның иесі табылмаған жағдайда ғана, екі айдан соң хайуанның көзін жоюға болады. Алайда қалада қаңғыбас иттер көбейіп кеткендіктен, ветеринар дәрігерлер адамдарға қауіп төніп тұр деп дабыл қағуда.
– Бүгінгі таңда қаңғыбас иттерден қауіп көп. Себебі, олар құтырма ауруына ұшыраған болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл хайуандарда басқа да ауру түрлерінің анықталуы ықтимал, – дейді ветеринар дәрігер Евгений Мищенко.

Сурет http://laikiural.ru сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp