Жаңа оқу жылына дайындық аясында ел бойынша бастау алған республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы қазан айының ортасына дейін жалғасады.
Акцияның басты міндеті – жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларды мектеп автобустарымен тасымалдау барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Шара аясында жолда жүру ережелері көрсетілген брошюралар мен қағаздар таратылады. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен сынып сағаттарын өткізу де жоспарлануда. Жас инспекторлар жол қауіпсіздігі тақырыбында театрландырылған қойылым әзірлеп, оқушылар асфальтта сурет салудан сынға түседі. Ал кинотеатрлар мен қоғамдық көліктердің салондарында жолда жүру ережелеріне қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілмек. Флешмоб арқылы жол қозғалысына қатысушыларды абай болуға шақырады.
Балалардың заңды мүддесін және құқығын бұзу, соның ішінде оқушыларды мектепке және қайтадан үйге жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету фактілері бойынша Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің 8(7172) 74-25-28 «сенім телефонына» хабарласуға болады.
Сурет http://tuvasemya.ru сайтынан алынды.