Өңірімізде отбасылық-тұрмыстық жағдайда орын алатын қылмысты болдырмау мақсатында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы аяқталды. Бұл шараға учаскелік полиция инспекторлары мен басқа да бөліністерден 300-ге тарта тәртіп сақшысы тартылды.
Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Александр Розбах айтып өткендей, облыста есепте тұрған 417 тұлға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілген. Оның ішінде қорғау ұйғарымы шығарылған – 417 адам, ерекше талаптар қойылған – 156, маскүнемдікке салынған – 2698 адам, 290 нашақор, 573 аз қамтылған отбасы тексерілді. Пәтерлерді тексеру кезінде және арыздар бойынша зорлық-зомбылық көрсетудің 124 фактісі анықталды. Оның ішінде 17-сі – «сенім телефонына» келіп түскендер. 290 тұлға есепке қойылса, олардың 78-і – маскүнемдіккке салынғандар, 27-сі – аз қамтылған отбасылар. Жалпы түрлі 935 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.