«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАСЫЛ ЕЛ” – ЖАСТАР ТІРЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл елімізде “Жасыл ел” бағдарламасының жүзеге асырыла бастағанына – 14 жыл.

Үстіміздегі жылы өңірде барлығы 665 жас “Жасыл ел” республикалық жастар еңбек жасағы” жеке меншік мекемесінің өңірлік филиалының құрамына еріктілер ретінде қабылданды. Олар өлкеміздің орман шаруашылықтарында, кәсіпорындарда және Петропавл қаласының аулаларында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Жасыл елдіктердің сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтінін айта кету қажет. Сонымен қатар тағы да бір өзгешелікке назар аударсақ, сарбаздар еріктілер, медиа және экологиялық жасақтарға бөлінген. “Таза жағалау”, “Саябақтар шеруі”, “Жасыл қала”акциялары «Жасыл ел» жасағы мүшелерінің дәстүрлі  түрде өткізілетін іс-шараларына айналған. 
2019 жылы республикалық және облыстық бюджеттен аталмыш жастар ұйымы жобасының жүзеге асырылуына 47 миллион теңге бөлінді.

petropavltv.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp