Солтүстік Қазақстан облысында 16-17 тамыз күндері “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтеді. Оның аясында ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі. Сондай-ақ, 8-777-642-32-97 (WhatsApp) телефоны, Call-орталықтың 61-25-26 нөмірі бойынша “Тікелей желі” жұмыс істейді.
“Жолда қабылдау” акциясының өтетін орындары туралы ақпарат http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN порталында, сонымен бірге облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ведомстволық аккаунтарында жарияланған (хэштег: #СҚОПД_Жолдақабылдау_Тамыз2019).
Азаматтарды қабылдауды жергілікті және әкімшілік полиция, көші-қон қызметі басқармаларының бастықтары жүргізеді. Азаматтар жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарын қайта жабдықтауға, тіркеуге, жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жеке куәліктерді алуға, көші-қон заңнамасын сақтауға, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуге, сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің басқа да түрлеріне қатысты сұрақтармен жүгіне алады. Облыстың жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.