«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫ САНЫНЫҢ АЗДЫҒЫНАН МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен оқу жылында облыста 485 мектеп жұмыс істеді. Оның 78 пайызы – шағын жинақты білім беру мекемелері. Ал биыл бала санының аздығынан жеті ауылдық мектеп жабылды.

Биыл Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Тайынша аудандарында орналасқан бастауыш мектептер жабылып қалды. Себебі, ондағы оқушылар саны бесеуге де жетпейді. Енді бұл жердегі оқушылар көрші ауылға барып білім алса, мұғалімдер де сонда барып жұмыс істеуге мәжбүр.
Заңнамаға сәйкес, елді мекендегі білім беру ордаларында кемінде бес оқушы болуы қажет. Негізгі мектепте оқушылар саны 41-ден, орта мектепте 81-ден асуы керек. Мектепті жабу туралы шешім қабылдауда мектептің соңғы бірнеше жылдағы дамуы, кадр саны бақылауға алынады, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Наталья Сербина.
Сонымен қатар Айыртау, Ақжар және Тайынша аудандарындағы 3 білім беру мекемесі орта мектептен – негізгіге, төртеуі негізгіден бастауышқа ауыстырылған. Мамандардың айтуынша, мектеп-интернаттарда тұратын оқушылар мен барып-келіп жұмыс істейтін мұғалімдерге апта сайын және күнделікті білім беру орталығына жеткізетін көлік қарастырылған.
Биылғы оқу жылында облыс орталығындағы «Береке» шағынауданында 600 орынға шақталған жаңа мектеп қолданысқа беріледі.

http://petropavltv.kz


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp