Екі дүркін Олимпиада чемпионы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады.
Жартылай орта салмақтағы кубалық боксшы Робейси Рамирес америкалық Адан Гонсалеспен шаршы алаңда кездескен болатын.
Бірінші раундтан-ақ қарсыласының жойқын шабуылына төтеп бере алмаған кубалық бұрыш жағалап жүріп, жан сауғалауға мәжбүр болды. Тіпті, қорғанысын ұмытып, бірнеше ауыр соққыны бойына дарытты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан америкалық боксшының еншісіне жазды.
25 жастағы боксшы 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларында 52 және 53 килограмм салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынған болатын.