Жамбыл ауданындағы Преснов ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай ата тағылымы» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің қонақтары ақынның шығармашылығымен кеңінен танысты. Оның өлеңдерін мен қара сөздерін жатқа оқыған қатысушылар әндерін де орындап, кештің ажарын аша түсті. «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта шырқаған Зикен Қазанғапова қонақтарды ерекше әсерге бөледі. Сондай-ақ, кітапханада қатысушылардың назарына «Даналықты іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты кітап көрмесі ұсынылды.