«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДИТТІК ШАРА НӘТИЖЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев өңірлік ревизиялық комиссияның отырысына қатысты. Кезекті жиында Айыртау ауданындағы мемлекеттік органдардың жұмысына жүргізілген аудиттік шаралардың нәтижесі қаралды.

Осыған дейін аталған аудан бюджетінің жоспарлануы және орындалуы, аумақты дамытуға қатысты бағдарламаны жүзеге асыру жайы тексерілген болатын. Жанат Жеңісұлы өз сөзінде әдеп кеңесінің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты жұмысына тоқталды.
Оның айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне Айыртау ауданындағы мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне шағымданған 4 өтініш түскен. Олар қызметтік әдеп талаптарын және әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу бойынша конкурстық рәсімдерді бұзуға қатысты. Аталған шағымдар тексеріліп, қорытындысы бойынша конкурстық рәсімдерді бұзып, кірістер туралы декларацияны ұсынбаған мемлекеттік органдарға жалпы сомасы 410321 теңгеге 18 әкімшілік хаттама толтырылды.
Өткен жылы облыс тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қаншалықты көңілі толатынын анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік сараптаманың нәтижесі бойынша Айыртау Петропавл қаласы мен өзге аудандардың арасында бесінші орынды иеленген болатын. Дегенмен, биылғы жылдың екінші тоқсанында электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны алғашқы үш айдағы көрсеткіштен 3 есе төмендеген.
Жиын қорытындысында Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жеке бақылауға алу тапсырылды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp