«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰРАЖАЙДЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ ГҮЛБАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде жаны жомарт, қаланы абаттандыруға, гүлдендіруге және көркейтуге сүбелі үлес қосып келетін кәсіпкерлер аз емес. Константин Полтавецті сондай адамдардың бірі деп айтсақ, асыра сілтемеген болармыз.

Жақында жергілікті кәсіпкердің бастамасымен Петропавл қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жанындағы аулада жаңа шағын гүл бағы пайда болды. Оның маңайында мәдени ошақпен қоса тарихи ғимараттар да орналасқан. Ал сондағы жас қарағайлар бұл бақтың ажарын одан сайын аша түседі. Барлығы пушкиндік стиль бойынша жасалған.

Константин Полтавецтің айтуынша, осыдан үш ай бұрын оның көкейіне бұл мұражай жанындағы аумақты көркейтуге атсалысамын деген ой келген екен. Әуелде ол мұнда тек қана асфальт және тас төсеуіштерді төсеймін деп жоспарлаған еді. Бірақ кейін жаңа гүлбақ салу қажет деген шешімге келді. Жоба екі ай әзірленіп, екі апта ішінде жүзеге асырылды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp