«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ПӘТЕР» ОПЕРАЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері өңірімізде 721 пәтер ұрлығы тіркелген. Тәртіп сақшылары “Пәтер” операциясы барысында бұрын жасалған 10 қылмыстын бетін ашты. Алдын ала құрылған 13 жедел-іздестіру тобы қолды болған заттарды қабылдайтын және сататын 65 орынды тексерді. 

Сондай-ақ, ұрланған заттарды сатып келген бес тұлға анықталып, олардың барлығы есепке қойылды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аталмыш қылмыс түрлерінің алдын алудың тиімді жолдарының бірі – аулалар мен пәтерлерді аралап, тұрғындарды құлаққағыс ету. Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға қылмыскерлердің пәтерге қалай кіретіндерін айтып, ұрылардан пәтерді қалай сақтап қалуға болатындығы жайында кеңес беруде.
Терезелерге орнатылған торлар, кіреберіс есіктің үстіне индикатор шамдары бар қойылған датчиктер, подъездерге орнатылған бейнебақылау камералары пәтер ұрыларының сұғанақтығынан сақтайды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде демалыста түскен фотосуреттерді жарияламау керек. Өйткені бұл ақпаратты бейтаныс адамдар пайдалануы мүмкін. Ұрлықтың алдын алудың ең тиімді тәсілі – көршілермен тату болу. Себебі, көрші сіз жоқта пәтеріңізге көз қырын салып жүрері анық.

Сурет https://obk.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp