«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНЫШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің оқырмандарымызға Бағира Рсаеваның есімі жақсы таныс. Ол – ғасырлық тарихы бар облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетінің тұрақты авторларының бірі. Жамбыл ауданындағы Үлгі ауылында дүниеге келген Бағира Рсаеваның қоғамдағы өзекті мәселелер, ұрпақ болашағы, ұлттық құндылықтар тақырыбындағы мақалалары өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап бүгінге дейін басылымымызда үзбей жарияланып келеді. Бүгін назарларыңызға алтын бесік саналатын ауыл адамдарының сағынышы, қарапайым тіршілігі арқау болған “Сағыныш” әңгімесін ұсынып отырмыз.


Тұрсын телефон шылдырынан оянып кетті. Безілдеп жатқан қара телефон тұтқа­сын өзінен басқа көтерер ешкім жоқ. “Әйтеуір тыныштық болғай, таңертеңгі уақытта ха­бар­ласып жатқан кім болды екен?”, – деді іші­нен.
– Алло?
– Әке, мен ғой. Бүгін қолым бос. Елге апарып келейін.
– Саян, сен бе едің? Ертелеткеніңе қа­рағанда уақытың тығыз секілді ме, қалай?
– Сіздің өтінішіңізді орындаудың сәті бүгін түсіп тұрған сияқты. Апам әлі оянбаған бо­лар. Нөмірлеріңізді теріп, хабарласа алмай отырғаныма жарты сағат болды.
– Қайни, түс көріп жатқан болар. Ал менің кейінгі кезде көзім ілінбей жүр. Құс ұйқы. Бүгін, тіпті, түннің ортасына дейін кірпік­те­рімді айқастыра алсамшы. Болмағаннан кейін дәрі іштім. Енді ұйықтап кеткенде сен хабарласып тұрсың.
– Қай кезде келейін?
– Өзің біл. Жағдайыңа қарай көрсеңші.
Тұрсынның қалаға көшіп келгеніне бірша­ма уақыт болған. Алайда, жерсіне алар емес. Қайни болса, тез үйреніп кетті. Тіпті, оның ауылды есіне алғысы да жоқ. Екі бөл­мелі жарық, жайлы пәтерде тұрып жатыр. Ауылдағыдай от жақпайсың, су тасымай­сың. Мал жайлау керек деп бас ауыртпайсың. Бәрі дайын. Тек солардың төлемақысын уақытында беріп тұрсаң болғаны. Жер­дің жұмағы деген осындай-ақ болар. Әйтсе де, ауылға жетпейді.
“Ауыл – алтын бесік”. Дана халқымыз қалай тауып айтқан? Ауылдың қадірін ортаңнан алыстағанда біледі екенсің. “Базардан қайтып келе жатқан” шақта қайда бармақ? Тас қабырғаның төрт бұрышына жіпсіз байланбақ па? Мектептің ендігі жайы не болмақ? – деп білім оша­ғының тағдырына алаңдаушылар да табылды. Тұрсын оқу орнының қожайыны емес. Әйтсе де, оның тұралап қалмауына сіңірген еңбегі біршама. Педагогтік біліммен жерде қалған жоқ. Балалары да өзінің жолын жа­лғастырып келеді. Оларды тарыдай шашы­ратпады. Қолында ұстады.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 2019 жылғы 15 тамыздағы №94 санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp