«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Сенатының депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінде «Нұрлы жер» және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының аясында он үй бой көтеріп жатыр. 19-шы, «Береке» шағынаудандарындағы екі 75 пәтерлі және «Жас өркен» шағынауданындағы 332 пәтерлі тұрғын үйлер 1121 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне халық қалаулыларының айтуынша, үстіміздегі жылы 482 баспана осал топтарға бөлінеді деп жоспарланып отыр. Соның 124-і – аз қамтылған көпбалалы отбасыларға.
Алдымен халық қалаулылары «Жас өркен» шағынауданындағы 332 пәтерлі тұрғын үйге ат басын тіреп, құрылыс жұмыстарының барысынан хабардар болды. Бұл үйді «Основание» серіктестігі тұрғызып жатыр. Аталған компанияның жұмысшылары құрылысты екі жыл бұрын бастаған. Бұл нысанда пәтерлерден бөлек балаларға арналған екі шағын орталық болады. Терезелер орнатылып, электр желілері тартылды. Серіктестік басшысы Сергей Тимофеевтің айтуынша, барлық жұмыс мерзімінде атқарылуда.
Депутаттар ат басын бұрған келесі нысан – «Dostyk Mall» сауда-ойын-сауық кешені. «North River» компаниясы тұрғызып жатқан ғимаратта 6 кинотеатр мен балаларға арналған бірнеше ойын алаңдары жоспарланған. Төрт қабатты кешеннің ауданы 27 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарына 5,5 млрд. теңге жұмсалған.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp