ИЛЬЯ ИЛЬИН ТОП ЖАРДЫ
Талдықорғанда ауыр атлетикадан өткен Қазақстан спартакиадасында Илья Ильин жеңіске жетті. Төрт дүркін әлем чемпионы 102 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Спортшы жұлқа көтеруде 170 килограмды еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды. Серпе көтеруде 200 килограмм салмақты бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, екінші талпынысында бағындырды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша Илья Ильин 370 килограмм көтеріп, спартакиаданың жеңімпазы атанды.
ТЕННИСШІЛЕР КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ
Михаил Кукушкин Цинциннатиде өтіп жатқан “ATP 100 Western & Southern Open” турнирінің негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.
Монреальда өткен турнирдің финалында ресейлік Даниил Медведевты жеңіп, сәл шаршаған испаниялық теннисші Рафаэль Надаль АҚШ-тағы турнирге қатысудан бас тартты. Оның орнын қазақстандық теннисші басты.
Отандасымыз Юлия Путинцева алғашқы айналымда “Ролан Гаррос” турнирінің жеңімпазы, Латвия теннисшісі Елена Остапенконы жарыс жолынан шығарды. Ол 6:2, 6:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы америкалық Слоан Стивенс.