“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Евгений Глотов облыстағы балабақшаларға инклюзивті білім беруді енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды ұсынды.
Оның ойынша, балалардың толық бейімделуі үшін инклюзивті білім беруді балабақшадан бастаған жөн. Ал әзірше ерекше қажеттілігі бар балаларды оқытуға мектептерде ғана басымдық берілуде. «Аутизмге шалдыққан балалармен ерте жастан жұмыс істеу олардың мектепте өздерін сенімді сезінулеріне әсер етеді. Сондықтан өңірімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беретін және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашудың маңызы зор. Бұл мәселе осыған дейін де талқыланған еді. Алдағы уақытта жобаны егжей-тегжейлі ойластырамыз», – деді Евгений Сергеевич.