«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОҒАЛҒАН ЖІГІТ ТАБЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Он күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Петропавл қаласының тұрғыны Руслан Моисеенко аман-сау үйіне оралды. 

Естеріңізде болса, 27 жастағы Руслан Моисеенко 6 тамыз күні кешкі сағат жетілер шамасында үйінен шығып кеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласы полиция басқармасы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері бірден іздеуге кірісті. Еріктілер де өз көмектерін ұсынды. Әлеуметтік желіде жоғалған жігіттің суреті мен белгілері жарияланып, туған-туыстары мен әріптестеріне сұрау салынды. 15 тамыз күні жігіт аман-есен үйге оралды. Оның айтуынша, еңбекақы алғасын Нұр-Сұлтан қаласына автобуспен жол тартқан. Осы уақытқа дейін астанада болған ол үйіне жол-жөнекей кездескен көлікпен жеткен.

www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp