«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПТЫ БАЛА ҮЙІРМЕГЕ ҮЙІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы білім беру мекемелері жанында 200-ден астам үйірме жұмыс істейді. Оған жыл сайын үш мыңға жуық жасөспірім барады екен. Биылғы жаңа оқу жылында үйірмелердің санын көбейту жоспарланып отыр.

– Балалардың басым бөлігі спорт үйірмелерін таңдайды. Әсіресе, волейбол, футбол және күреске деген қызығушылықтары жоғары. Сондықтан, жаңа оқу жылында бала санына қарай спорт үйірмелерін көбейтетін боламыз, –дейді қалалық балалар-жасөспiрiмдер орталығының мектептен тыс жұмыс бойынша әдіскері Марина Мощенко.
Полицейлер де кәмелеттік жасқа толмағандардың қауіпсіздігін бақылауда ұстайды. Олар ай сайын жасөспірімдермен кездесіп, жедел алдын алу шараларын жиі ұйымдастырып тұрады. Осындай жоспарлы жұмыстың нәтижесінде облыс орталығы бойынша 64 жасөспірім есепке алынған. Одан бөлек кәмелеттік жасқа толмаған баласын дұрыс қадағаламаған ондаған ата-ана есепте тұр. 

Сурет http://petropavltv.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp