«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКСПЕДИЦИЯДАН ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері Роман Гиричев пен Нұрсейіт Әбдіразақов “Жасыл арктика” атты экологиялық экспедициядан оралды. Олар Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Вилькицкий және Белый аралдарын қоқыстан тазартуға көмектескен.

Экологиялық экспедицияға бірнеше мемлекеттен отыз ерікті қатысқан. Биыл еріктілер аралды қоқыстан тазарту бойынша рекорд орнатыпты. Олар 60 гектар аумақтан екі жүз тонна темір қалдығын шығарған.
– Бұған дейін Белый аралы қоқыстан тазартылса, енді Вилькицкий аралын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Онда ауа райы қоңыржай. Еріктілердің құрамында тек ер балалар болды. Эспедицияға аттанар алдында бірнеше күн дайындалдық. Аталмыш аралда ақ аюларды кездестірдік. Бір сөзбен айтқанда, керемет әсер алдым, – дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты Роман Гиричев. Мұндай экспедиция 2012 жылдан бері өткізіп келеді. Бұл шара жер шарында болып жатқан ғаламдық проблемаларға әлемнің назарын аударту мақсатында қолға алынған. Жоғары оқу орынының математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Сергей Пашковтың айтуынша, біздің өңір студенттері өздерін жақсы қырынан көрсеткен. Келесі жылы да мұндай игі шараға қатысу ойда бар.  

http://petropavltv.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp