Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі. Бұл тақырып Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу барысында талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – тұрғындарға осы кеселдің қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру және олардың мұндай келеңсіздіктің алдын алуға белсене қатысуының маңызын түсіндіру.
– Бұған дейін осы тақырыптағы семинарлар мен кездесулер кәсіпкерлер мен руханият саласының өкілдерінің қатысуымен өткен болатын. Алдағы уақытта спортшылармен және студенттермен кездесу жоспарланған, – дейді Ернар Баянғазин.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай және Түркістан облыстары еліміздегі сыбайлас жемқорлық қаупі бар өңірлер мен қалалар тізімінің басында орналасқан. Ал біздің облысымыз бұл тізімнің соңында екен.
Сурет inform.kz сайтынан алынды.