«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.08.2019

ГАЗДАН УЛАНДЫ

Айыртау ауданында 1973 жылы дүниеге келген әйел мен оның 2010 жылы туған қызы газдан уланды. Бұл туралы хабар Саумалкөлдегі №7 өрт сөндіру бөліміне 18 тамыз күні таңғы сағат он шамасында келіп түсті. Оқыс оқиға Никольское ауылындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – НАЗАРДА

Өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігі ережелерін және су қоймалары мен ормандарда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету мақсатында Есіл аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлім қызметкерлері балаларға арналған “Родник” лагерінде демалушы өрендермен кездесті.

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Петропавл қаласының тұрғыны Әлішер Хамзин түрлі темір қалдықтарынан кәдесый жасайды. Шебер өз еңбектерінде кинофильмдердің кейіпкерлерін, спортшылар мен түрлі мамандық иелерін бейнелейді екен. 

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Петропавл қаласының тұрғыны Әлішер Хамзин түрлі темір қалдықтарынан кәдесый жасайды. Шебер өз еңбектерінде кинофильмдердің кейіпкерлерін, спортшылар мен түрлі мамандық иелерін бейнелейді екен. 

АРЫС ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 751-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

“Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы аясында қан айналым, соның ішінде жүрек талмасы аурулары бойынша өңір тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету, кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында облыстағы емдеу мекемелерінің қызметкерлері үшін семинар-тренинг өтті.

АБАЙСЫЗДЫҚ САЛДАРЫ

Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды.

АНЫҚТАМА АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін талап етілетін “083” үлгісіндегі медициналық анықтама алу талаптарына өзгерістер енгізілді.

ӨРТТЕН КЕЛГЕН ШЫҒЫН – 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында үш мәселе қаралды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Рамиль Камалов табиғат өрттерінің алдын алу туралы баяндады. Жыл басынан бері өңірде 20 өрт оқиғасы тіркеліп, 56,7 гектар орман отқа оранған. Жалпы 3 млн. теңгенің шығыны келтірілген өрттердің тең жартысы Айыртау ауданында орын алған. Ресей …

ӨРТТЕН КЕЛГЕН ШЫҒЫН – 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Read More »

БОТАЙ – ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” атты жобаны жүзеге асыруға өңірімізде ерекше көңіл бөлінуде. Бұл орайда, көне тарихтың құпиясын қойнауына бүккен Айыртау ауданындағы “Ботай” қонысы жоба картасына енгізілген тың жаңалық екені баршаға аян. Осынау қасиет қонған құт мекенде бүкіләлемдік археология күніне орай “Ботай – солтүстік даланың қазынасы” атты “дөңгелек үстел” …

БОТАЙ – ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ Read More »

РУСЛАН – ҮЗДІК АҒА ИНЖЕНЕР

“Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінде “Үздік қарауыл бастығы (аға инженер)” байқауы өткізілді.

ҚЫЗЫЛШАДАН ЕКПЕ ҚОРҒАЙДЫ

Өңірімізде қызылша ауруының алдын алу мақсатында қыркүйек айында тұрғындарды қосымша им­мундау басталады. Тауарлар мен көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасы және қауіпсізді­гін бақылау департаментінің ма­ман­дары 20-29 жастағы тұрғын­дарға екпе егу көзделіп отырға­нын айтты. Бүгінде елімізде қы­зыл­ша ауруын жұқтырған сырқат­тар аз емес. Сон­дықтан дәрігер­лер қосымша им­мун­дау шарала­рын қолға алып отыр.

“ҚЫМЫЗFEST”-КЕ ЖИНАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАРАСЫ ҚАЛЫҢ

Облыс орталығында «Қымызfest» фестивалі өтті. Шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Өйткені ұлттық сусынымыз саналатын сары қымыздың дәмін татып, өңірдің үздік азпаздары пісірген ас пен сары бауырсақтан дәм тату  – күнде бұйыра бермейтін сый. Шынымен де, қазақтың бай дастарқанының басты мәзірі болып саналатын қымыз, ет және бауырсақтың жөні бөлек. Сол себепті, шара аясында келушілерге қымыз, …

“ҚЫМЫЗFEST”-КЕ ЖИНАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАРАСЫ ҚАЛЫҢ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЫСТЫҚ ҚАУЫШУЛАР

Халқымыздың ғасырлар қойна­уы­нан желі тартқан тарихының төрт құбыласын түгелдесеңіз, қазақтың бір-бірімен бауырластығының, ын­тымағының беріктігіне көзіңіз әб­ден жетеді. Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президенті-Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы­тау төрінде берген сұхбатын­да: “…Мыңдаған, миллиондаған мал жатса да көрінбейтін шүйгін дала болған. Бар қазақ жан-жақтан келген соң киіз үй тігеді, ат шап­тырып, той жасайды. Осы жерде қыз ұзатады, баласын үйлендіреді. Бір-бірімен …

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЫСТЫҚ ҚАУЫШУЛАР Read More »

ШӨПТІ ОТТАН САҚТА!

Ауыл тұрғындары қорадағы малының қыс­қы азығын дайындау үшін белі бүгіліп, қаншама тер төгеді. Сондықтан қолдағы жем-азықтан айырылып қалмау үшін сақтық шараларын қатаң ескерген жөн.

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

1992 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы­ның Шекара әс­­кері құ­­рылды. Содан бері қазақ­стан­­дық ше­кара­шы­лар еліміз­дің тыныш­тығы мен қауіп­сіздігін ­ қырағылықпен кү­зетуде.

САҢЛАҚТАР ШЫҒАР ШЫҢ БИІК

Соңғы жылдары еліміздің спорт саласы жақсы дамуда. Жан-жақты қолдаудың арқасында спорт саңлақтары бәсі биік дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрініп, ел абыройын асқақтатуда. Әсіресе, Олимпиада шыңын бағындыруға талпынған қыз-жігіттердің ерік-жігері сүйсінтеді. Бүгінгі күні өскелең ұрпақ өкілдері Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин және Ольга Рыпакова сияқты толағайларға қарап бой түзейді.

НАМЫС ОТЫН ЛАУЛАТҚАН

Петропавлдағы Спорт сарайында өткен салтанатты шара барысында Азия, әлем және ел біріншіліктерінде жеңіске жетіп, тәуелсіз еліміздің атағын әлемге паш етіп жүрген солтүстікқазақстандық спортшылар марапатталды. Облыс спортшыларына өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың құттықтауын жеткізген орынбасары Асқар Сақыпкереев дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.