«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАПТАЙ БІЛСЕҢ, ЖЕР ЖОМАРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық диқандар шөп шабу науқанын ойдағыдай аяқтап, жасымық, бұршақ және жүгеріге шалғы салды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары атап өткендей, облыста шөп дайындауға да жүзден астам бригада жұмылған. Ауыл шаруашылығы құрылымдары 752 мың гектар жердің шөбін шауып, 295 мың тонна жемазық әзірледі. Қазіргі уақытта пішендеме дайындалуда. Жоспарлы жұмыс 97 пайызға орындалған. Яғни, 188 мың тонна пішендеме дайын. Шаруалар тамыз айының соңында сүрлем дайындауға кіріседі. Жоспар – 161 мың тонна.

Биыл 20 мың гектар алқапқа әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие соя егілген болатын. Бұл алқаптың 12 мың гектары “ҚазЭкспортАстық” холдингіне тиесілі. Нарықта дақылдың әр тоннасы 150-160 мың теңгені құрайды. Алдағы уақытта облыстағы соя алқаптарының көлемін 150 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.
Облыс диқандары орақ науқанына 20 тамыздан кейін кіріседі. Көктемде өңір диқандары 4,2 млн. гектар алқапқа ырыс дәнін сіңірген болатын. Оның 2,8 млн. гектары бидай болса, 970 мың гектары – майлы дақылдар. Биыл гектар берекелігі 17,5 центнерден асып, диқандардың маңдай тері ақталады деп күтілуде. Өңірде сыйымдылығы 6,6 млн. тоннаны құрайтын элеваторлар астық қабылдауға дайын.
Болашақта бидай егістігі алқабын азайтып, өнімділігі жоғары және экспортқа бағытталған осындай дақылдар өсіруге басымдық берілетін болады.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp