Өткен демалыс күндері Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды.
“Жезқазған-Петропавл” автожолының 948-ші шақырымында “Peugeot 406” маркалы автокөлікпен келе жатқан жас жігіт темір қоршауға барып соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1988 жылы туған жолаушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Ал жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Сурет https://www.nur.kz сайтынан алынды.