«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНЫҚТАМА АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін талап етілетін “083” үлгісіндегі медициналық анықтама алу талаптарына өзгерістер енгізілді.

Бұл анықтама жүргізуші куәлігін бірінші рет және қайта ресімдеу барысында, құжаттың мерзімі өтіп кеткенде талап етіледі. Тексерістен өтетін медициналық комиссия құрамы жеті дәрігерден төртке дейін қысқарды. Енді болашақ жүргізушілерге терапевт, көз дәрігері, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Яғни, бұдан былай қан, флюорография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес. Медициналық тексеріс барысында терапевт-дәрігер қандай да аурудың бар-жоғын “Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі” ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрғаны жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы тексере алады.
Жыл басынан бері 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

Сурет https://informburo.kz сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp