19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 751-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 56 әлеуметтік нысан: 50 білім беру, 4 денсаулық сақтау және 2 спорт нысаны пайдалануға берілді. Қалада 7,5 мың адам жұмыс істеуде, оның 5 мыңы тұрғын үй қорын қалпына келтіруде. Қазіргі таңда 33 апатты жағдайдағы саман тұрғын үйдің орнына құрылысшылар кірпіш үй салды.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары өздеріне бекітілген секторларда жұмысты толық аяқтады.
Сурет https://otyrar.kz сайтынан алынды.