«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘРІ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан бес жыл бұрын өңірімізде мәдениет, спорт, туризм және ақпарат салаларының кәсіподақ ұйымдарына кірген қызметкерлер саны 800-ден сәл асса, бүгінде 78 бастауыш ұйымға 3000-ға жуық адам мүше. Бұл – еліміздегі кәсіп­одақ ұйымдарына деген оң көзқарастың қалыптасқанының айқын көрінісі. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының бес жыл ішінде атқарған жұмысы С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен XXII есеп беру-сайлау конференциясында сөз болды.

Филиал төрайымы Гүлнәр Қасымова мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының бір ғасырлық тарихы бар екенін айта келіп, осы уақыт ішінде сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартып, еңбек құқықтарын қорғау бағытында біраз жұмыс атқарылғанын тілге тиек етті.
Кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқарады. Ал мұндай диалог тараптар арасында еңбек қатынастарын реттейтін ұжымдық шарт болған жағдайда орнайтыны мәлім. Ай сайын еңбекақыдан ұсталатын жарна да белгіленген тәртіпке сай жұмсалуы тиіс. Яғни, барлық іс-әрекет заң шеңберінде және ашық болуы міндетті.
2015 жылдан бері облыс бойынша кәсіподақ мүшелерінен түскен жарна сомасы 62 миллион теңгені құраған. Тексеру комиссиясының мүшесі Әлия Кокошева түскен қаржының 5 жылдың ішінде қайда жұмсалғаны жайында есеп бере келіп, жарнаны уақытында төлемейтін немесе толық аудармайтын ұйымдардың да бар екенін айтты.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp