Айыртау ауданында 1973 жылы дүниеге келген әйел мен оның 2010 жылы туған қызы газдан уланды. Бұл туралы хабар Саумалкөлдегі №7 өрт сөндіру бөліміне 18 тамыз күні таңғы сағат он шамасында келіп түсті. Оқыс оқиға Никольское ауылындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Мамандардың айтуынша, төтенше жағдайға пеш сөнбей жатып, оның мойнын жауып тастауы себеп болған. Қазіргі уақытта газбен уланған адамдардың жағдайы тұрақты, олардың өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері өңірде тұншықтырғыш газбен уланудың 13 оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 26 адам жарақаттанып, 2-уі қайтыс болды.
Сурет https://24.kz/ сайтынан алынды.