Облыстық полиция департаментінде жастармен кездесу өтті. Оған болашақта тәртіп сақшысы болуды армандайтын адамдар қатысты.
Бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау зор. Мәселен, еңбекақы тұрақты түрде төленеді, қызмет бабымен өсу мүмкіндіктері бар, еңбек демалысы басқаларға қарағанда ұзағырақ, денсаулықтарын жақсартуға жәрдемақы төленеді, мерзімінен бұрын зейнет демалысына шыға алады. Жеке тұрғын үйі жоқ патрульдік полиция қызметкері мен отбасынының әр мүшесіне тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. Сонымен бірге тәртіп сақшылары мен олардың отбасы мүшелері тегін медициналық қызметті пайдалана алатынын айта кеткен жөн. Шара барысында департамент өкілдері осы жеңілдіктер жайлы әңгімеледі.
– Кандидаттарға қойылатын талаптарға келсек, олардың жасы 35-ке дейін, бойы 170 см-ден кем емес, құқықтану, халықаралық құқық мамандықтары бойынша білімінің болуы шарт. Сонымен қатар патрульдік полицияға кандидаттар үшін жүргізуші куәлігі болғаны жөн, – дейді облыстық полиция департаментінің кадр саясаты басқармасының аға инспекторы Жанат Сұлтанов.
Сурет https://ru.sputniknews.kz/ сайтынан алынды.