«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛШАДАН ЕКПЕ ҚОРҒАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде қызылша ауруының алдын алу мақсатында қыркүйек айында тұрғындарды қосымша им­мундау басталады.
Тауарлар мен көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасы және қауіпсізді­гін бақылау департаментінің ма­ман­дары 20-29 жастағы тұрғын­дарға екпе егу көзделіп отырға­нын айтты. Бүгінде елімізде қы­зыл­ша ауруын жұқтырған сырқат­тар аз емес. Сон­дықтан дәрігер­лер қосымша им­мун­дау шарала­рын қолға алып отыр.

Өңірімізде жыл басынан бері 279 тұрғын қызылша жұқ­тырған. Олардың дені бір жасқа тол­маған ба­лалар мен жастар. Дә­рігерлер қы­зылша мен қызамық сияқ­ты жіті ин­фекциялық ауру­лар ауа тамшыла­ры арқылы адамдарға таралатынын айтты. Ауру асқынса, науқас түрлі қауіпті дертке душар болуы мүмкін. Әсі­ресе, туабітті қызылша инфек­ция­сынан қауіп зор. Жүктілік кезінде вирустық ин­фекцияға шалдығуы түсік тастау мен баланың сал бо­лып тууына әкелуі ықтимал. Ма­мандар қызыл­шаның емі болмаға­ны­мен, екпе алып, сақтық шарала­рын қолданудың маңыздылығын есте ұстауға кеңес береді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp