«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚЫМЫЗFEST”-КЕ ЖИНАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАРАСЫ ҚАЛЫҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында «Қымызfest» фестивалі өтті. Шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Өйткені ұлттық сусынымыз саналатын сары қымыздың дәмін татып, өңірдің үздік азпаздары пісірген ас пен сары бауырсақтан дәм тату  – күнде бұйыра бермейтін сый. Шынымен де, қазақтың бай дастарқанының басты мәзірі болып саналатын қымыз, ет және бауырсақтың жөні бөлек. Сол себепті, шара аясында келушілерге қымыз, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар ұсынылды.


Өңірімізде дәстүрге айналған фестивальге жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Даурен Жандарбек мерекемен құттықтап, фестивальдің маңыздылығын тілге тиек етті. Ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі болып табылатын аталмыш шараның әлі де талай мәрте ұйымдастырылатынына сенім білдірді.

Шара барысында ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, атты шеру мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аудандардан келген шеберлер қолдан жасалған әсем бұйымдарын саудаға салды.  Бұл шара туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp