“Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінде “Үздік бөлімше бастығы – 2019” байқауы өтті.
Бұл шараның мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелеріндегі жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, олардың теориялық және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру.
Байқаудың қорытындысы бойынша облыс орталығындағы №1 арнайы өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Аслан Есенғалиев бірінші орынды еншіледі. №5 ӨСБ-нің бастығы Қайырназ Қайырбек екінші орынға ие болса, Тайынша қаласында орналасқан №14 өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы Сәкен Мейрамов үшінші орынды қанағат тұтты.