«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШӨПТІ ОТТАН САҚТА!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауыл тұрғындары қорадағы малының қыс­қы азығын дайындау үшін белі бүгіліп, қаншама тер төгеді. Сондықтан қолдағы жем-азықтан айырылып қалмау үшін сақтық шараларын қатаң ескерген жөн.

Дайындалған шөп қоршалған болуы және электр қуаты желісінен – 15, жолдан – 20, шаруашылық құры­лыс­тарынан, тұрғын үйлерден 50 метрдей қашықтықта болуы қажет. Әрқашан өртке қарсы қызметтің “101” және “102” телефон нө­мірлерін естен шығармай, өрт болған жағ­дайда дереу хабар беру керек.
Агроқұрылымдар мен шаруа қожалықта­рында төтенше жағдайға өрт сөндіру техни­касы әрқашан дайын болуы маңызды. Ал егін мен мал азығын жинауға қатысатын техни­калар өрт сөндіргіштермен қамтамасыз еті­луі тиіс. Көп мөлшерде дайындалатын пі­шенді сақтау үшін үйілетін маялардың ор­нын алдын ала жинап, аумақты найзағайдан қорғану құралдарымен жабдықтаған жөн. Әр маяның аумағы – 150 шаршы метрден, ал олардың арақашықтығы 20 метрден ас­пауы керек. Әрбір маяның арасы ені 4 метр болатындай етіп жыртылуы және шөп үйілген жер тәулік бойы күзетілуі қажет.

Азат САМАТОВ,
№6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp