«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.08.2019

ТАҒЫ ДА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАДЫ

Бүгін түс әлетінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка ауылының Локомотивная көшесінде орналасқан үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2017 жылы дүниеге келген бала абайсызда құлап кетіп, мерт болды. Өкінішке қарай, қыз бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер балғынның өмірін сақтап қала алмады. Жыл басынан бері облыста қараусыз қалып, терезеден құлаған үш сәби көз жұмды. https://24.kz   

АҚША ЖЫМҚЫРҒАНЫН МОЙЫНДАДЫ

Мәскеу қаласында Ресейдегі қазақ мәдениеті қоғамының төрағасы Ерназар Нұриевтің ісі бойынша сот отырысы өтеді. Оған осы шаһардың билік өкілдері тарапынан 2016 жылы «Алтын күз» қазақ әні фестиваль-байқауын өткізуге арналған 2 миллион рубльдің 400 мыңын жымқырды деген айып тағылып отыр.

ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Бір ай бұрын өңірімізге Түркістан облысының Арыс қаласынан демалуға келген 47 бала Петропавл қаласында қорытынды экскурсия жасады. “Алтын күз” лагерінде дем алған оқушылар “Green Park” саябағында болды.

ОТБАСЫ СӘНІ – СЫЙЛАСТЫҚ

Апта бойы тәртіп сақшылары “Тұрмыс” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Жеті күн бойы үйлерді аралаған полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 41 фактісін анықтады. Отбасындағы қатыгездіктің 22 құрбаны «сенім телефонына» хабарласса, 94-і полиицияға арызбен жүгінген.

6 ЖЕР ТЕЛІМІ САТЫЛДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімін жалға алу құқығы аукцион арқылы сатылды.

ДИРЕКТОР СОТТАЛДЫ

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры пара алғаны үшін сотталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры В.Пегановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство 34 жастағы Құралбек Атамұратовқа сеніп тапсырылды. 

БЕС ТӘРТІПТІК ІС ҚАРАЛДЫ

Әдеп кеңесінің кезекті отырысында облыстағы мемлекеттік органдардың “Е-қызмет” қызметкерлерді басқару ақпараттық жүйесін кіріктіру бойынша атқарған жұмысы, өткен жартыжылдағы кадр тұрақсыздығы сөз болды. 

ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Футболдан бірінші лига командалары ара­сында он жетінші тур ойындары өтті. “Qyzyljаr” командасы өз алаңында ақтө­белік “Ақтөбе-Жас” клубымен кездесті.  

ТЕРМОС-ВАГОН ЭКСПОРТТАЛА БАСТАДЫ

Петропавлдағы ауыр машина жасау зауытында әзірленетін термос-вагонының алғашқы легі экспортталды. Мамандардың айтуынша, мұндай заманауи тасымал құралы әлемде жоғары сұранысқа ие. Ресейге оның екеуі жөнелтілді.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ

Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Алайда, өңіріміздегі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектептердің басым бөлігі оқушы қабылдамақ түгілі, етек-жеңдерін жинай алмай әлек болып жатыр. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер компаниялар өз міндеттеріне салғырт қарап, сылбыр қимылдауда. Ал мектеп директорлары “сен тимесең, мен тименің” керімен отырған сыңайлы.

ҚОРЖЫНДА – 10 МЕДАЛЬ

Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Халықаралық турнирде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

ҚАТЕЛІГІН КЕШ ТҮСІНДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлім­­хан­ұлы Лос-Анджелесте жекпе-жек өткі­зіп, кана­далық Стюарт МакЛелланды бесінші раундта ұрып жықты. Бұл – отандасымыздың кәсіпқой рингтегі жетінші же­ңісі. Боксшы қарсыластарының үшеуін нокаутпен ұтты. Ка­надалық былғары қолғап шебері бокс кешінің қар­са­ңында қазақстандықты келеке қылған еді. Фотокол­лаж жасап, Жәнібектің үстіне жағымсыз кинокомедия кейіпкері – Бораттың киімін кигізіп, жалпақ жұртқа әлеу­меттік желі арқылы таратып …

ҚАТЕЛІГІН КЕШ ТҮСІНДІ Read More »

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО – ЖЕҢІМПАЗ

Солтүстікқазақстандық велошабандоз, “Astana Pro Team” кәсіпқой велокомандасының мүшесі Алексей Луценко Норвегияда қарсыластарын шаң қаптырды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР – ЕКІНШІ ОРЫНДА

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында қазақ күресінен Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Бәсі биік додаға Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысты.

ЕРЛІГІ ҰРПАҚ ЕСІНДЕ

Халқымыздың арғы-бергі тарихында қалың жауға қарсы шауып, елін қорғаған батырлар, от ауызды, орақ тілді шешендер, ел бастаған көсемдер аз болмаған. Олардың есімдері мен ерлік істері сол замандағы ақын-жыраулардың шығармаларында жиі кездеседі. Солардың бірі – Сексен батыр. Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылында ұрпақтары даңқты бабасының басына ескерткіш тас орнатып, ас берді. Игілігі мол шараға белгілі ақын, жазушы, …

ЕРЛІГІ ҰРПАҚ ЕСІНДЕ Read More »

ОҚЫРМАНЫ КӨП КІТАПХАНА

Кітап баға жетпес рухани құндылығымыз, аса зор мәдени байлығымыз екені жайлы небір ұлылар ар­тына ғибратты сөздер қалдырған. Ха­кім Абай “артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге” деп білімділікке шақырса, халқымыз “кітап – білім бұлағы” деп тобықтай сөзбен түйін­деген. Бұдан шығатын қорытынды, уақыт қанша өзгеріп, бүгінгідей озық технологиялар дәуіріне жетсек те, кітаптың мән-маңызы, оған деген ынтызарлық, құмарлық …

ОҚЫРМАНЫ КӨП КІТАПХАНА Read More »