Бүгін түс әлетінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка ауылының Локомотивная көшесінде орналасқан үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2017 жылы дүниеге келген бала абайсызда құлап кетіп, мерт болды. Өкінішке қарай, қыз бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер балғынның өмірін сақтап қала алмады.
Жыл басынан бері облыста қараусыз қалып, терезеден құлаған үш сәби көз жұмды.