Петропавлдағы ауыр машина жасау зауытында әзірленетін термос-вагонының алғашқы легі экспортталды. Мамандардың айтуынша, мұндай заманауи тасымал құралы әлемде жоғары сұранысқа ие. Ресейге оның екеуі жөнелтілді.
Зауыт тез бүлінетін азық-түлік, жеміс-жидектерді ұзақ уақыт қалыпты температурада сақтап, тасымалдауға арналған термос-вагон шығара бастағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. https://soltustikkaz.kz/index.php/ja-alyqtar/7534-termos-vagon-zauyty-zha-ashyldy-y
«Біздің вагондар барлық сараптау комиссияларының тексерісінен толық өтті. Оның ішінде Қазақстан Теміржолы әкімшілігінің ведомствоаралық комиссиясы, сондай-ақ Мәскеудегі темір жол көлігі кеңесінің вагондар жөніндегі сарапшылар комиссиясы тексеріп, өнімге оң бағаларын берді. Кеден одағының сәйкестік сертификатын да алдық», – деді «Петропавл машина ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Вадим Шакшакбаев.
Қазір жұмысшылар айына осындай 50-ден аса вагон жасап шығаруға толық қауқарлы. Бас директордың айтуынша, зауыт жаңа құрылғылармен толықтырылмақ. Ал алдағы уақытта жоспарға сай 1 айда 100-ден аса заманауи вагон жасау көзделіп отыр.