Мәскеу қаласында Ресейдегі қазақ мәдениеті қоғамының төрағасы Ерназар Нұриевтің ісі бойынша сот отырысы өтеді. Оған осы шаһардың билік өкілдері тарапынан 2016 жылы «Алтын күз» қазақ әні фестиваль-байқауын өткізуге арналған 2 миллион рубльдің 400 мыңын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Бұл қаржы аталмыш байқаудың ақтық кезеңіне қатысушылардың қаланың шет жағында орналасқан қонақүйде тұруына арналған болатын. Жүргізілген тексерістің нәтижесінде бұл шарада өнер көрсеткен ешбір әншінің мұнда тұрмағаны анықталды.
Айып тағылып отырған Ерназар Нұриевтің мекенжайы бойынша жүргізілген іздестіру шаралары барысында оның үйде екені белгілі болды. Бірақ қазақ мәдениеті қоғамының төрағасы тәртіп сақшыларына есігін ашпады. Сол себепті күш құрылымдарының өкілдеріне үйінің есігін бұзуға тура келді. Ол өзінің кінәсін толық мойындады.
Ақша жымқырған Ерназар Нұриев бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
365info.kz