«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДИРЕКТОР СОТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры пара алғаны үшін сотталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры В.Пегановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

В.Пеганов өңірдегі кәсіпкерлерден ағаш кесуге рұқсат беру үшін 1 млн. 231 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. 15 тамызда Петропавл қалалық сотының шешімімен В.Пеганов алты жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді. Сотталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp