«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАТЕЛІГІН КЕШ ТҮСІНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлім­­хан­ұлы Лос-Анджелесте жекпе-жек өткі­зіп, кана­далық Стюарт МакЛелланды бесінші раундта ұрып жықты.

Бұл – отандасымыздың кәсіпқой рингтегі жетінші же­ңісі. Боксшы қарсыластарының үшеуін нокаутпен ұтты. Ка­надалық былғары қолғап шебері бокс кешінің қар­са­ңында қазақстандықты келеке қылған еді. Фотокол­лаж жасап, Жәнібектің үстіне жағымсыз кинокомедия кейіпкері – Бораттың киімін кигізіп, жалпақ жұртқа әлеу­меттік желі арқылы таратып жіберген. Бұл ерсі әрекеті Жәнібектің намысына тигені анық. Сондықтан рингке шыққаннан соққының астына алды. Бұған дейін 27 рет жеңіп, үш рет қана қарсыластарына жол берген тәжі­рибелі канадалық бесінші раундқа дейін ғана шыдады. Жәнібектің жойқын соққыларынан есеңгіреп құлаған ол Борат туралы қалжыңды бекер жариялаға-нын кеш түсінді.

Жәнібек осы жеңістен кейін “BoxRec” рейтінгінде бір са­тыға жоғарылап, 63-ші орынға жайғасты. Қазақстан­дық кәсіпқой боксшылар арасында орта салмақта Жә­нібек Әлімханұлының алдында тек Геннадий Головкин (2-орын) мен Қанат Ислам ғана тұр (32-орын). Жалпы бұл рейтингте орта салмақта 1580 былғары қолғап шебері бар екенін айта кеткен жөн.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp