Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Халықаралық турнирде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша, Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Алексей Гусаров (1500 метрге жүгіру) жеңімпаз атанды. Ал Абдулазиз Абдукаюмов (800 метр қашықтыққа жүгіру), Марина Хусейнова (ұзындыққа секіру), Виталий Терехин (спорттық жүріс) және Екатерина Нестерова (ядро лақтыру) алтынға қолжетім жерде сүрініп, күміс медаль иеленді.
Евгений Прокудин (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Виталий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру) Өзбекстан ашық кубогының қола жүлдегері атанды.