Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылына дайындық барысы жайлы сөз болды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова 1 қыркүйек – жексенбі, яғни демалыс күніне келіп тұрғанымен, бұл күні білім ордаларында қоңырау үні естілетінін айтты. Биылғы оқу жылында облыс мектептерінде 71 214 оқушы білім алады. Соның 9287-сі – бірінші сынып оқушылары.
Олар өңіріміздегі 479 білім беру мекемесінде оқиды. Гүлмира Райынбекқызы Білім күнінде “Береке” шағынауданындағы 600 орындық мектеп оқушылар үшін есігін айқара ашатынын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Тайынша аудандарында орналасқан жеті бастауыш мектеп оқушы санының жетіспеушілігінен жабылып қалған. Тағы жеті білім ордасы ортадан – негізгіге, негізгіден бастауышқа ауыстырылған. Бұл мектептердің балалары жақын орналасқан білім беру мекемелерінде оқуы үшін күн сайын және апта сайын көлік қарастырылған.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.