«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.08.2019

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТІҢ ЖЕҢІСІ

Петропавл қаласындағы «Алтын бесік» балабақшасының директоры Мәдина Дәрібаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының «Жүрек жылуын балаларға береміз» V қазақстандық слетінен Гран-примен оралды. Жаңашыл мұғалім «Педагогикалық шығармашылықтың құпиялары» аталымы бойынша марапатталды. Бұл байқауды «Нұр болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.

ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

Қазақстандық медициналық ұйымдардың 70 пайызы ұлттық аккредитация талаптарына сай келмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстандағы аккредитациялау ұлттық жүйесі 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жүйені Денсаулық сақтау сапасы бойынша халықаралық қауымдастық мойындаған.