«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕС ТӘРТІПТІК ІС ҚАРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әдеп кеңесінің кезекті отырысында облыстағы мемлекеттік органдардың “Е-қызмет” қызметкерлерді басқару ақпараттық жүйесін кіріктіру бойынша атқарған жұмысы, өткен жартыжылдағы кадр тұрақсыздығы сөз болды. 

Сонымен қатар түрлі олқылықтарға жол берген бес мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралды. Соның бірі – Шал ақын ауданының Аютас және Юбилейный ауылдық округтерінің әкімдері ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазарту бойынша жұмыстың орындалғаны жөнінде актіге қол қойып, жеке кәсіпкерге тиісті қаржыны аударған. Алайда, бұл жұмыс мүлде атқарылмаған көрінеді. Кеңес мүшелері ақылдаса келе, бұған дейін теріс қылықтары байқалмаған әкімдерді қызметіне толық сай емес деп тапты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp