«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР – ЕКІНШІ ОРЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында қазақ күресінен Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Бәсі биік додаға Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысты.


Сайыс бағдарламасына сәйкес, боз кілемге көтерілген балуандар 8 салмақ бойынша сынға түсті. Сондай-ақ, абсолют салмақ дәрежесінде де медальдар сарапқа салынды.

Екі күнге жалғасқан сайыс барысында ел намысын қорғаған отандастарымыздың арасынан Найман Тұтқышев (55 кг.), Еламан Қуанбай (60 кг.) және Мақсат Исағұлов (100 кг.) жеңімпаз атанды.
Құрлық чемпионатының қоры­тын­дысы бойынша, 5 алтын, 6 күміс, 6 қола медальға ие болған моңғолиялық бал­уандар командалық есепте топ бас­таса, 3 алтын, 3 күміс, 3 қола ме­дальға қол жеткізген қазақстан­дық спорт­шылар екінші орынға табан тіреді. 74 килограм салмақта жеңімпаз атанған жапон жігіті Сато Иуяа жарыстың “Үздік балуаны” атанды. Ал “Үздік төреші” атағы Украина елінің маманы Виктор Куропиотикке бұйырды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp